«Каспий» Тауар Биржасы» АҚ-ның сауда бөлімі осы арқылы 2025 жылғы 17 қарашада биржалық сауда сессиялары аясында өткен «Шұбаркөл көмір» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасы бойынша өтінімдердің қабылданбағаны туралы хабарлайды.
Бұл шешім 2009 жылғы 4 мамырдағы №155-IV «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1–2-тармақтарына, сондай-ақ биржалық саудаға қатысу кезінде автоматтандырылған алгоритмдерді анықтау әдістемесінің 4.4-тармағына және «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ-да қолданылатын жауапкершілік шараларына сәйкес қабылданды.
Келесі сауда құралы бойынша өтінімдер қабылданбады:
- CL6FCCKS – 3 лота (Ақмола облысы);
- CL6FCXKS – 3 лота (Түркістан облысы);
- CL6FCMKS – 3 лота ( Қарағанды облысы).
Аталған өтінімдер бойынша биржалық мәмілелер жасалған жоқ.