Search
Close this search box.

«Каспий» Тауар Биржасы» акционерлік қоғамы әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен сауда-саттықты жүзеге асыру құқығына ие биржа ретінде танылды.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі 2025 жылғы 12 қыркүйекте өткен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша сауда жүргізуге уәкілетті тауар биржаларын айқындау жөніндегі конкурстың нәтижелері туралы хабарлады.

Конкурс 2025 жылғы 24 шілдедегі № 216-ОД Сауда және интеграция министрінің м.а. бұйрығына, сондай-ақ конкурс негізінде іріктеу тәртібін реттейтін Қағидаларға сәйкес өткізілді. Негізгі критерийлер – ашықтық, технологиялық деңгей және жүйелердің ақпараттандыру мен ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнама талаптарына сәйкестігі болды.

Конкурс жеңімпазы болып «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ танылды.

Ұйым жоғары жұмыс стандарттарын және заманауи электрондық платформаларды енгізуді көрсетті. Бұл платформалар сауданы тиімді жүргізуді қамтамасыз етіп, нарық қатысушылары үшін қолжетімділік қағидаттарына толық сәйкес келеді.

Көп жылдан бері Биржа технологиялық тиімділігін және ашықтығын дәйекті түрде дәлелдеп, заманауи цифрлық шешімдерді енгізіп, нарық қатысушылары арасында сенім қалыптастырып келеді. Биржа платформасы тұрақтылығымен, икемділігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді: ол үш тілде жұмыс істейді, көру қабілеті бұзылған адамдардың қажеттіліктерін ескереді және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келеді.

«Каспий» Тауар Биржасы» АҚ президенті Мұрат Қадисовтың айтуынша: «Біз үшін әрқашан нарықтан озық болып, барлық сауда қатысушыларына заманауи әрі қауіпсіз құрал ұсыну қағидатты маңызды болды. Бүгінгі комиссия шешімі біздің дұрыс бағытта – ашықтыққа, тиімділікке және ұлттық нарықтағы сенімді нығайтуға қарай ілгерілеп келе жатқанымызды тағы да растады».

Конкурс жеңімпазын анықтау ұлттық биржалық сауданы дамыту үшін маңызды мәнге ие.

Әлеуметтік маңызы бар биржалардың тізіміне енгізілу Қазақстан үшін стратегиялық мәні бар тауарлар бойынша мәмілелерді дәл осы алаңдарда қамтамасыз етуді білдіреді, Комиссия шешімі мемлекеттің сауданы цифрландыру, бәсекелестік ортаны дамыту және операциялардың ашықтығын арттыру бағытын қуаттайды. Қауіпсіз және сенімді деп танылған заманауи электрондық сауда жүйелері нарық қатысушылары арасындағы сенімді нығайтудың негізгі құралына айналуда.

Заявка на вакансию