Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №267 «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының (бұдан әрі — Заң) 3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер мереке күндері болып танылады және жұмыс істемейтін күндер болып табылады.
Осылайша, Заңның 2-бабына сәйкес, 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі болып табылады.
Сәйкесінше, 2025 жылдың желтоқсан айындағы демалыс және мереке күндері:
6, 7, 13, 14, 16, 20, 21, 27 және 28 желтоқсан.