Search
Close this search box.

«Каспий» Тауар Биржасы» ЖШС аясында 2025 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір нарығы бойынша аналитикалық есеп қорытындысы бойынша вебинар өткізілді

«Каспий» Тауар Биржасы» ЖШС «Қазақстан Республикасындағы коммуналдық-тұрмыстық юкөмір нарығы. 2025 жылға арналған қорытынды есеп» аналитикалық баяндамасын таныстыруға аргналған салалық вебинар өткізді.

Іс-шараға монополияға қарсы орган, көмір компаниялары, биржалық сауда қатысушылары және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Вебинар барысында аналитиқалық есптің негізгі қорытындылары ұсынылып, коммуналдық-тұрмыстық көмір нарығының тұрақтылығы мен тиімділігіне әсер ететін кәзәргә мәселелер талқыланды.

Қатысушылар нарықтын ашықтылығын арттыру, көмір жеткізуіне барлық тұтынушылар үшін тең қолжетілімдікті қамтамасыз ету және қазіргі сауда механизімдерін жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыптары:

  • есеп айырысу шарттарының өзгерістері және толық алдын ала төлем талаптары
  • қолданыстағы сауда-саттық механизмдердің тиімділігі
  • автоматтандырылған сауда және алгоритімдікжүйелерді бақылау мәселелері
  • мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлу
  • логистикалық шектеулер және инфрақұрылымға қолжетімділік
  • көмір операторларын тізімге еңгізу және классификациялау критерийлері

Арнайы назар нарықты мониторнгтеу, адал емес тәжірибелерді болдырмау және биржалық әрі биржадан ыс мәлімелерді бақылау цифрлық құралдарын еңгізу мәселелеріне аударылды.

КТК нарыңын дамыту бойынша ұсыныстар:

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар нарықтың бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыруға бағытталған бірнеше бағыттарды белгіледі:

  • Биржалық аукцион ережелерін жетілдіру
  • Саудаға тең қолжетімділік механизмдерін әзірлеу
  • Заманауи нарықты мониторингтеу жүйелерін енгізу
  • Мемлекет пен бизнес арасындағы өзара әрекеттесу механизмдерін қалыптастыру
  • Реттеушілер мен нарық қатысушылары арасындағы ашық диалогты дамыту

Сонымен қатар жеткізілім тапшылығы тәуекелдерін уақытылы анықтау және әділ баға қалыптастыру мақсатында нарық жағдайын оперативті мониторингтеудің маңыздылығы ерекше атап көрсетілді. «Каспий» Тауар Биржасы» ЖШС әлеуметтік маңызды тауарларды ашық биржалық сауда арқылы дамыту және Қазақстан Республикасының ішкі нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен нарық қатысушыларымен өзара әрекеттестікті жалғастыруды жоспарлап отыр.

Заявка на вакансию